Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

28 Ақпан 2023, 18:07
1479
Бөлісу:
Сайлау-2023. Үміткерлердің бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары
Фото: Егемен Қазақстан

Respublica партиясының өкілдері Қазақстанға озық технологияларды жеткізетін кәсіпкерлермен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Астанада депутаттыққа кандидаттар, Respublica партиясының өкілдері Қуанышбек Мұқаш, Олжас Құспеков және Бақытбек Хамит тау-кен, металлургия және осы салалардағы технологиялық материалдар мен жабдықтар жеткізетін уәкілетті дилер PES Global компаниясының еңбек ұжымымен кездесті.

Жиын барысында партия өкілдері кәсіпкерлердің дәл қазіргі мәселелерін талқылап, Respublica партиясының мақсат-міндеттеріне тоқталды.

Депутаттыққа кандидат Қуанышбек Мұқаштың айтуынша, Қазақстан кәсіпкерлері бюрократия мен сыбайлас жемқорлыққа жиі ұшырайды. Бұл адамдарды өз ісін жүргізуден алшақтатады, өйткені мұндай жағдайда бизнестің ұзақ мерзімді даму стратегиясын құру қиынға соғады.

Respublica партиясы қазіргі жағдайда Қазақстанға кәсіпкерлік саласында сапалы өзгерістер қажет деп есептейді. Сондай-ақ Respublica күшті кәсіпкерлік мәдениетті құруға және дамытуға баса назар аударады. Олар нақты және тұрақты ережелері бар бизнес-ортаны қалыптастыру; қолжетімді қаржы құралдары мен қызметтеріне кең қолжетімділікті қамтамасыз ету; адами капиталды дамыту; бюрократиялық кедергілерді азайту және квазимемлекеттік сектордың нарықтық билігін шектеу сияқты бастамаларды көтеріп отыр.

Сайлау алдындағы тур енді ғана қарқын алып келе жатыр. 19 ақпаннан бастап партия өкілдері Алматы, Талдықорған, Қонаев, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда қалаларында, сондай-ақ Сарыөзек ауылы мен Шиелі кентінде болды.

Партия мүшелері еліміздің барлық аймағын аралап, қазақстандықтардың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылайды. Елдің түкпір-түкпіріндегі іс-шараларға партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, тең төрағалар Динара Шүкіжанова, Бейбіт Әлібеков, Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Қуаныш Шонбай, Максим Барышев, Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар қатысуда.

Өзгелердің жаңалығы