Сайлау-2023. Дауыс берудің ерекшеліктері қандай?

7 Наурыз 2023, 11:45
2751
Бөлісу:
Сайлау-2023. Дауыс берудің ерекшеліктері қандай?
Фото: автордан

Бұл туралы елордада "Қазақстан заңгерлер одағы" Республикалық қоғамдық бірлестігі өткізген "Адал сайлау үшін" штабы мүшелерінің баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Штаб мүшесі Думан Жампейісов  республика Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлауда сайлаушылардың дауыс беру рәсімінің ерекшеліктері туралы айтты.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-20.00 сағаты аралығында өтеді. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру уақыты мен орны туралы сайлаушыларды он күннен кешіктірмей хабардар етеді, - деп атап өтті штаб мүшесі.

Айта кетерлігі, бұл ретте дауыс беруге арналған үй-жайда тұрған адамдар сайлау комиссиясы белгілеген ережелерді қатаң сақтауға міндетті. 
Сондай-ақ дауыс беру күні дауыс беруге арналған үй-жайда сайлау процесіне қатысы жоқ бөгде адамдардың болуына тыйым салынады.

Заңгер Әбдікәрім Ақжанов әрбір сайлаушының жеке дауыс беретіні туралы хабардар етті.

Дауыс беру құқығын беруге, сондай-ақ сайлауда басқа адамдарға дауыс беруге жол берілмейді. 
Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайы бойынша, отбасының науқас мүшесіне күтім жасау себебінен, сондай-ақ сайлау учаскелері құрылмаған шалғай және қол жеткізу қиын аудандарда болған жағдайда дауыс беру үшін келе алмайтын жағдайда, учаскелік сайлау комиссиясы олардың жазбаша өтініші бойынша дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат он екіден кешіктірілмей берілуі мүмкін, осы сайлаушылардың тұрған жерінде дауыс беруді ұйымдастыруға тиіс, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы