Сайлау-2023: Қазақстанда «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы құрылды

11 Ақпан 2023, 11:20
2241
Бөлісу:
Сайлау-2023: Қазақстанда «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы құрылды
Фото: автордан

Қазақстанда «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы құрылды. Бұл туралы бүгін елордада өткен брифингте белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түрлі қоғамдық ұйымдардың өкілдері «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясына бірігу туралы мәлімдеді.

«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының төрағасы Төлеген Күнәділов жаңадан құрылған ұйымның мақсат-міндетін түсіндіріп берді.

Коалиция - сайлау рәсімдерін қоғамдық бақылау саласындағы жұмыстың ашықтық және демократиялық қағидаларына негізделген жаңа үлгідегі институт.

Сайлау-2023: Қазақстанда «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы құрылды

Коалиция құрамына әр өңірден байқаушылар, заңды консалтинг, медиа менеджмент және кәсіби койчинг жұмыстарын жүзеге асыру саласында үлкен тәжірибеге ие 160-тан астам ұйым кірді. Коалиция жұмысын ұйымдастыру жеке дара емес, ұжымдық және тең құқылы басқару қағидасы бойынша жүзеге асырылатыны үлкен маңызға ие, - деді ұйым төрағасы.

Іс-шарада коалиция Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауына қоғамдық байқаушылар ретінде қатысу туралы өз ниеттерін мәлімдеді.

Коалицияның бір реттік бастама емес, жүйелі ұйым екенін, оның аясында сайлау рәсімдерін әдістемелік және құқықтық қамтамасыз ету, талдамалық және ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыру, сайлау процестерінің саласында білім базасын қалыптастыру бойынша түрлі жобалар жүзеге асырылады. Коалиция жұмысының басты назары оған қазақстандықтардың сайлау мәдениетін байқауға және қалыптастыруға қатысуға қабілетті белсенді, талапшыл азаматтық күштерді тартуға аударылады, - деп толықтырды Күнәділов брифингте.

Өзгелердің жаңалығы