Сайлау-2023. Партиялардың бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

24 Ақпан 2023, 17:47
1115
Бөлісу:
Сайлау-2023. Партиялардың бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

Respublica партиясының сайлауалды туры Шымкент қаласында жалғасты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бір аптадан аз уақыт ішінде партия мүшелері 15 000 шақырымнан астам жол жүріп өтті. Ал республика бойынша өткен жиындарға қатысқан азаматтар саны 33 000-нан асты. 

Бұған дейін партия өкілдері Алматы, Талдықорған, Қонаев, Тараз қалалары мен Сарыөзек елді мекенін аралаған болатын. Қазір партия өкілдері Шымкентте, ертең Түркістанға аттанады.

Елдің түкпір-түкпіріндегі іс-шараларға партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров, тең төрағалар Динара Шүкіжанова, Бейбіт Әлібеков, Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Қуаныш Шонбай, Максим Барышев, Нұрлан Қоянбаев, сондай-ақ Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына кандидаттар қатысуда.

Сайлау-2023. Партиялардың бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

Бүгін «Ауыл» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар «Астана электротехникалық зауыты» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. 

«Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Николай Арсютин сайлауалды бағдарламаның басты бағыттарының бірі – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді еңбек ұжымының мүшелеріне түсіндірді.

Сонымен қатар кездесу аясында кандидаттар қалада өмір сүрудің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту сияқты тақырыптарды көтерді. 

Астана электротехникалық зауытының қызметкерлерімен кездесуден кейін кандидаттар Астана қаласының №2 бір мандатты сайлау округі бойынша «Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Төлеутай Рақымбековтың сайлауалды штабына барды. 
 

 

Өзгелердің жаңалығы