Сайлау-2023. Партиялардың бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

22 Ақпан 2023, 17:31
1817
Бөлісу:
Сайлау-2023. Партиялардың бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары

Елімізде жақында Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. Соған орай үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ЖСДП кандидаттары тұрғындармен кездесті

Сайлау-2023. Партиялардың бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары
ЖСДП-ға тиесілі

ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Ақмола облысы сайлаушыларымен кездесті.

Іс-шара барысында денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелер талқыланды.

ЖСДП өкілдері азаматтарға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, МӘМС жүйесін қайта қарау, азаматтарға тегін негізде көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесін кеңейту туралы айтты.

Жасылдар партиясының үміткерлері кәсіпорын ұжымымен кездесті

Сайлау-2023. Партиялардың бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары
"Байтақ" жасылдар партиясына тиесілі

"Байтақ" жасылдар партиясының үміткерлері Атырау қаласындағы қалдықтарды жинау, тасымалдау және өңдеумен айналысатын кәсіпорын «West DALA» ЖШС ұжымымен кездесті.Жүздесу аясында аймақтағы өткір мәселелер көтеріліп, шешу жолдары пысықталды. Атырау облысы елімізде экология жағынан қолайсыз өңірлердің бірі. Көлік санының артуына байланысты ауаның ластану деңгейі де жоғары. Өңірде құрғақшылық мәселесі де жылдан жылға күрделеніп келеді.  «West DALA» ЖШС бас директоры Қайрат Салахаденов Каспий теңізінің тартылу жайында өз сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар қаладағы желді күндері болатын шаңға қатысты «Байтақ» партиясының пікірін білді. 

«AMANAT» сайлауалды штабының жұмысымен таныстырды

Сайлау-2023. Партиялардың бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары
«AMANAT» партиясына тиесілі

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев БАҚ өкілдеріне үйлестіру орталықтарын, қоғамдық қабылдау бөлмесін, медиа-штабын, коворкинг алаңын, және жастар секторын таныстырды.

Кездесу қорытындысында БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өтті. Онда Елнұр Бейсенбаев журналистерді қызықтырған барлық сұраққа жауап берді.

Айта кетейік, штаб құрамына партияның 486 белсенді жақтасы кірді. Сайлаушылармен кездесу кестесі дайындалды. Сондай-ақ, бұл жұмысқа үміткерлердің 27 мыңнан астам сенімді өкілі де қосылды.

«Ауыл» партиясының кандидаттары еңбек ұжымымен кездесті

Сайлау-2023. Партиялардың бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары
«Ауыл» партиясына тиесілі

«Ауыл» партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар Шығыс Қазақстан облысындағы «Май» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. 

Күнбағыс майын өндіру толық автоматталғанын көзімен көрген «Ауыл» партиясы кандидаттарының зауыт жұмысына әбден көңілі толды.

Зауытта ең заманауи жабдықтар орнатылған. 

Өндірістің жаңа технологиялары мен заманауи жабдықтардың арқасында зауыт шығаратын күнбағыс майы адам ағзасына қажетті пайдалы заттар мен дәрумендерді барынша толық сақтайды.

Respublica кандидаттары халықпен кездесті

Сайлау-2023. Партиялардың бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары
Respublica партиясына тиесілі

Respublica партиясының кандидаттары Алматыда құрылыс компаниясының еңбек ұжымымен кездесті. Оның аясында партия мүшелері жұмыс істейтін жастарды қолдаудың, кәсіпкерлерге мүмкіндік берудің маңыздылығын айтты. Алдағы уақытта, мұндай кездесулер басқа өңірлерде де жалғасын табады.

2023 жылдың 17 наурызын қоса алғанда бір айға жуық уақыт бойы, Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар еліміздің барлық өңірін аралап, қазақстандықтардың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылайды.

Қазақстан Халық партиясы өңірлерден кездесу өткізді

Қазақстан Халық партиясының кандидаттар Жетісу, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының тұрғындарымен кездесті. 

Кездесу барысында халық көкейінде жүрген сан сауалдарын қойды. Әсіресе, жайылымдық жер тапшылығы мен шалғай ауылдардағы инфрақұрылым мәселесін сөз болды.

Бұған қоса жиында халықты қарыз қақпанынан құтқару, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау секілді әлеуметтік мәселелер талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы