Сайлау-2023. «Ауыл» партиясы кандидаттар тізімін өткізді

7 Ақпан 2023, 14:39
1525
Бөлісу:
Сайлау-2023. «Ауыл» партиясы кандидаттар тізімін өткізді
Фото: автордан

«Ауыл» партиясы кезектен тыс сайлауға қатысатын Мәжіліске кандидаттарының құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясына Мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттардың тізімін өткіздік. Тізімде жалпы саны 25 адам бар. Квоталардың барлығы сақталған. Кандидаттардың арасында 6 – әйел адам бар. Ең жас үміткеріміз 25 жаста. Кандидаттар тізімінде республиканың барлық өңіріндегі азаматтар қамтылды, - деп атап өтті партия төрағасының орынбасары Анас Баққожаев.


Айтуынша, барлығы съез шешімімен қабылданған.

Еске сала кетейік, Орталық сайлау комиссиясы 6 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына келесі саяси партиялардың партиялық тізімдерін жариялаған болатын. Атап айтқанда, бұған дейін «Қазақстан Халық партиясы», «Ақ жол», «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігі», «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» құжаттарын өткізді.

Өзгелердің жаңалығы