Сайлау-2023. «Ақ жол» партиясы сайлауға қатысады

1 Ақпан 2023, 12:32
1795
Бөлісу:
Сайлау-2023. «Ақ жол» партиясы сайлауға қатысады
Фото: автордан

Бұл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев елордада өтіп жатқан партияның кезектен тыс ХХІ съезінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Биыл елімізде Парламент және мәслихат сайлауы өтеді. Мемлекет басшысы бұл сайлау болады деп жарты жыл бұрын жариялағаннан кейін барша саяси күштерге, партияларға дайындалуға толық мүмкіндік берілді. Өзіміздің міндетіміз бен мандатымызға қарағанда басқа шешім қабылдауға болмайды. Партиямызды не үшін құрдық? Саяси партияда өз үзеңгілестерімізді Парламентте көру үшін сайлауға қатысуымыз керек, - деп атап өтті партия төрағасы. 

Съез барысында партияның сайлауға қатысуы туралы шешім дауыс беру арқылы қабылданды.

«Ақ жол» демократиялық партиясы жарияланған Парламент және мәслихаттар сайлауына қатысу туралы шешім қабылдады, - деді Азат Перуашев. 

Өзгелердің жаңалығы