Сайлау-2023. АMANAT партиясы ОСК-ға кандидаттар тізімін ұсынды

8 Ақпан 2023, 11:16
1922
Бөлісу:
Сайлау-2023. АMANAT партиясы ОСК-ға кандидаттар тізімін ұсынды
Фото: автордан

AMANAT партиясы кезектен тыс сайлауға қатысатын Мәжіліске кандидаттарының құжаттарын Орталық сайлау комиссиясына өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін Amanat партиясы Орталық сайлау комиссиясына кешегі өткен съезіміздің қорытындысы бойынша партиялық тізім бойынша өкілдердің құжаттарын тапсыруға келдік. Кеше съезде 2 мыңнан астам азамат қатысты. Бүкіл ел аумағындағы мәслихаттарға 3821 кандидаттың, Мәжіліске 119 азаматтың тізімін ұсындық. Оның ішінде бүгін ОСК-на 90 азаматтың партиялық тізімін тіркедік. Орталық сайлау комиссиясына ұсынған партиялық тізімде квота сақталды. 30 пайыздан астамы - әйел адамдар, жастар мен мүгедектігі бар тұлғалар. Орталық тізімдегі екі адамның мүгедектігі бар. Ал жастар квотасына сәйкес тізімде 17-ден астам адам тұр. Ал жалпы Қазақстан бойынша мәслихат 75 пайызға жаңарды, - деп атап өтті партияның атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев. 

Сайлау-2023. АMANAT партиясы ОСК-ға кандидаттар тізімін ұсынды

Айтуынша, сайлаудың әділ өтетініне сенім мол. 

Сондай-ақ сайлауға кандидаттарды ұсынарды нені басты назарға алатынына тоқталды. 

Біріншіден, сайлауға азаматтарды ұсыну жергілікті өкілдіктермен, аймақтағы азаматтармен тікелей шешіледі. Ол үшін бастауыш партия ұйымдарының қатарынан делегаттар сайланды. Олар аудандық, қалалық, облыстық деңгейде конференциялар өтті. Ол жерде бірнеше азамат ұсынылып, дауыс беру ережесі бойынша жеңіске жеткен соң кандидаттардың осы тізіміне енді, - деді Елнұр Бейсенбаев.   

Еске сала кетейік, елімізде 19 наурызда Мәжіліс пен мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауы өтеді. Жаңа ережемен өтетін сайлау саяси жаңғырту реформаларының жалғасы деп саналады.  

 

Өзгелердің жаңалығы