Сайлау-2023: 10 наурызда кезекті дебат өткізіледі

6 Наурыз 2023, 21:14
1719
Бөлісу:
Сайлау-2023: 10 наурызда кезекті дебат өткізіледі
Фото: Qazaqstan.tv

10 наурызда сайлауға қатысатын жеті партия өкілдері кезекті дебатқа қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өткен жолы дебатты Қазақстан телеарнасы ұйымдастырған болатын. Осы жолы пікірсайыс КТК телеарнасында өтеді.

Бірқатар қазақстандық сарапшының сөзінше, алда келе жатқан ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарын сайлау соңғы 19 жылдағы ең қызықты саяси дода. Саяси шиеленістер жетерлік: мұнда жаңа партияларды, ойламаған жерден қосылған тұлғаларды және үлкен бәсекелестікті көруге болады. Сайлауға қатысты доданың финалына жеткен саяси ұйымдардың жетілігі сайлаушыларды несімен жаулайды? Осы жұмада КТК телеарнасы үлкен дебат кешін ұйымдастырады. Барлық партия тікелей эфирдегі дебатқа қатысып, сіздің бюллетеніңіздегі "таңдаймын" белгісіне қол жеткізу үшін барын салатын болады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Өзгелердің жаңалығы