Саяси партиялар «қара пиарды» қолданбады – Қалиев

8 Қаңтар 2021, 12:20
1918
Бөлісу:
Саяси партиялар «қара пиарды» қолданбады – Қалиев
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР АҚДМ-нің «Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты» ЖШС директоры Талғат Қалиев Қазақстандағы сайлау алдындағы күн тәртібін талқылауға арналған дөңгелек үстел барысында айтты. 

Мемлекеттің жасы жылдар мен онжылдықтармен ғана емес, заңнамалық органдардың шақырылымымен де есептеледі. Себебі Парламент арқылы нақты заңдар талқыланады. Заң мен заңнамалар халықпен бірге талқыланып, олардың алдында қабылданады, - деді ол. 

Қалиев атап өткендей, сайлау процесінде қазақстандық этносаяси тәртіп те ерекше рөл ойнайды. 

Электоральді компанияның ерекшелігі ретінде Қазақстанның өзіндік саяси бәсекелестігін атап өтуге болады. Үгіт-насихат кезеңі әлеуметтік желіге айтарлықтай көшкеніне қарамастан, саяси партиялардың бірде-біреуі «қара пиарды» қолданған жоқ. Бұған қоғамның деңгейі де әсер етті деп айтуға болады, - деді Қалиев. 

Айта кетейік, дөңгелек үстел барысында сарапшылар алдағы парламенттік сайлауды қоғамдық-саяси өмірді жаңғырту тұрғысынан талқылап, сайлау процесінің конституциялық негіздерін қарастырды.

Өзгелердің жаңалығы