Саясаттанушы: Жер мәселесіне нүктенің қойылуы - маңызы ерекше шешім

25 Ақпан 2021, 16:30
2654
Бөлісу:
Саясаттанушы: Жер мәселесіне нүктенің қойылуы -  маңызы ерекше  шешім

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саясаттанушы Расул Жұмалы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде айтылған Президент бастамалары туралы пікір білдірді. 

Жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге түпкілікті тыйым салынды. Бұл еліміз үшін саяси маңызы ерекше зор шешім - азаматтық қоғамның ортақ жетістігі. Ендігі үлкен мәселе - Жер олигархтар мен латифундистер емес, халықтың меншігінде болып оның игілігі үшін қолданылуын кепілдейтін айқын ережелер бекітілуі тиіс. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған реформаларды қолдап, алға басқан сайын осы мақсатқа да жетерміз, - деді Расул Жұмалы.

Жұмалының айтуынша, қазір тек уәде емес, нақты шешімдер мен ұйымдастырушылық алғышарттары пайда болған.

Президент бүгін көтерген мәселелерді бұған дейін Жолдауында да, басқа да жиындарда көтерген болатын. Президент халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға ерекше назар аударды. Мәселен, пандемия кезінде азаматтарға жан-жақты көмек, ауыл тұрғындарының жағдайын жасау, ауыл жастарының білім алуына жағдай жасау, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын арттыру, студенттердің шәкіртақысын көбейту – мұның бәрі халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған нақты шаралар. Бұл шаралардың сөз жүзінде айтылып қана қойғанын көрген жоқпыз, іс жүзінде жүзеге асқанының куәсі болдық, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы