Саясаттанушы exit-poll-дің нәтижесіне өз бағасын берді

20 Наурыз 2023, 00:37
1294
Бөлісу:
Саясаттанушы exit-poll-дің нәтижесіне өз бағасын берді
Фото: Артём Чурсинов

Саясаттанушы Индира Рыстина exit-poll-дің нәтижесіне өз бағасын берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Екі exit-poll-дің нәтижелері бір-біріне сәйкес келеді. Оның нәтижесі бойынша партияның Мәжілісте депутаттық мандаттарды бөлуге қатысатынын байқап отырмыз. Алдымызды тағы үшінші exit-poll қорытындысы шығарылады. Оның да нәтижесін күтеміз, - деп атап өтті ол.

Саясаттанушы exit-poll-дің нәтижесіне өз бағасын берді

Сөзінше, ертең алдын ала нәтижелер шығарылған кезде exit-poll-дің қателік аралығы қаншалықты сақталғанын байқай аламыз.

Алайда осы нәтижелерге қарап, сайлаушылардың бүгінгі саяси плюрализмге қадам басқанын көріп отырмыз. Себебі бұрын екінші орындағы партиялардың 10 пайыздан асқаны өте сирек болатын. Сондай-ақ 6 партияның межеден өткені – біз үшін жаңалық. Өйткені мұндай плюрализм бізде бұрын-соңды байқалмаған. Онымен қоса биыл жүзеге асырылған саяси реформалардың нәтижесінде меженің 7 пайыздан 5 пайызға түсуі кем дегенде қазіргі экзит-пулдың нәтижесі бойынша екі партияға Мәжіліске жол ашып жатыр, - деп айтты саясаттанушы.

Рыстина саяси реформалардың шынайы жүзеге асырылуы осы сайлауда көрініс табатынына сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы