Саян Ахметжанов түркістандық кәсіпкерлермен кездесті

20 Қазан 2022, 20:28
1231
Бөлісу:
Саян Ахметжанов түркістандық кәсіпкерлермен кездесті

Бүгін Түркістан облысына іссапармен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов жергілікті аймақтың бизнес өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ аймақтағы тілшісі.   

Кездесуде облыстың басқарма басшылары, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының басшылары мен облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, ірі және шағын орта бизнес өкілдері «Югдорстрой», «Feb Turkestan», «Эльдорадо және BAZA», «Qazyna құрылыс MS», «Лидер-НС Строй», «Отау Строй», «ӘлемТрансСтрой» және «Ақжол» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен бас қосты.   

Саян Ахметжанов түркістандық кәсіпкерлермен кездесті

Отырыста Саян Қылышұлы «Атамекен» ҰКП басшылығы агенттік жұмысындағы жаңа тәсілдерді талқылап жатқанын, бүгінгі таңда кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсету және бизнес ортадағы проблемалық мәселелерді шешу жолдарын оңтайландыру бойынша үлкен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

«Республикамызда кәсіпкерлік дамуы үшін әкімшілік кедергілерге жол бермеуге, елімізде қолайлы инвестициялық жағдайды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Осы ретте аймақтардағы бизнес-құрылымдардың өкілдерімен тікелей қарым-қатынас жасау және оларды негізсіз әуреге салмай сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау, Агенттіктің басым бағыттарының бірі екендігін ерекше айта кеткім келеді», - деді превенция қызметінің басшысы С.Ахметжанов.   

Саян Ахметжанов түркістандық кәсіпкерлермен кездесті

Кездесу барысында кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуларға, ауыл шаруашылығына, мектепке дейінгі ұйымдарға және білім беру саласына, автомобиль жолдарын салуға және құқық қорғау органдарының кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау жөніндегі қызметіне қатысты проблемалық мәселелері талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы