Сәулет Оскарын екі әйел жеңіп алды

5 Наурыз 2020, 15:40
1631
Бөлісу:
Сәулет Оскарын екі әйел жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәулетшілер жұмыстарында көбіне бетон және тас секілді ауыр металдарды пайдаланады.

Ирландиялық екі сәулетші Ивонн Фаррелл және Шелли Макнамара 2020 жылдың ең үздік сәулет сыйлағы – Притцкеровск премиясының лауреаттары атанды. Бұл туралы 4 наурызда TheGuardian жазды.

Ивонн және Шелли 41 жылдан бері беріліп келе жатқан сыйлықты алған төртінші және бесінші әйел болып отыр. 

Олар 1978 жылы Grafton Architects студиясын ашқан. Олардың жұмыстарының басты философиясы кеңістікте адамдар бір-бірімен белсенді қарым-қатынас жасауы болған. 

Олар салған танымал құрылыстардың қатарында Лимадағы университет кампусы, Лондондағы Кингстон университетінің корпустары және Тулузадағы экономикалық мектеп бар.

Өзгелердің жаңалығы