Сәуірде ауа райы қандай болады

2 Сәуір 2023, 08:11
1329
Бөлісу:
Сәуірде ауа райы қандай болады
Фото: pixabay

"Қазгидромет" мамандары сәуір айындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлады BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, сәуірде күннің ұзақтығы артады да, одан әрі күн жылынады. Қазақстанның солтүстігінде сәуір айының бірінші онкүндігінде орташа тәуліктік ауа температурасының 0, ал еліміздің оңтүстігінде +10С тұрақты оң мәндерге ауысуы байқалады. Сәуір айында аумақтың көп бөлігінде қар ериді.

Бір ай ішінде республика аумағында барикалық түзілімдердің ауысуына байланысты жылы, ашық күндер де, салқын, бұлтты күндер де болады. Каспийдің оңтүстігінен және Ресейдің Еуропалық аумағынан циклондардың шығуымен жекелеген күндері жаңбыр, екпінді жел, елдің оңтүстігінде найзағай, шаңды дауыл болып, ауа райының тұрақсыз сипаты болжанады, - дейді мамандар.

Қазгидромет ақпаратына сәйкес, сәуірдің бірінші онкүндігінің басында еліміздің батысында және оңтүстік жартысында (оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр ылғалды қарға ауысуы мүмкін), онкүндіктің ортасында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Оңтүстік аймақтарда түнгі сағаттарда 1-6С-қа дейін үсік күтіледі.

Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Атап айтқанда:

Қазақстанның батысында түнде 0,+10С-тан +7+17С-қа дейін, күндіз +7+15С-тан +17+28С-қа дейін;

еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -6+5С-тан +5+12С-қа дейін, күндіз +5+15С-тан +20+28С-қа дейін;

еліміздің шығысында түнде -7-20С-тан 0,-5С-қа дейін, күндіз 0,-5С-тан +8+13С-қа дейін;

республиканың солтүстігінде, орталығында түнде -5-10С-тан 0,+5С-қа дейін, күндіз +3+10С-тан +10+18С-қа дейін ауа температурасының ауытқуы болжанады.

Сәуірдің екінші және үшінші онкүндігінде Иран мен Орта Азия аудандарынан жылы ауа массаларының енуімен ауа температурасы жоғарылауы мүмкін. Сондықтан еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +5+13С, күндіз +15+25С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде және батыста түнде +10+17С, күндіз +25 +35С-қа дейін күн жылынуы ықтимал.

Алайда, күн қайта сууы жоққа шығарылмайды. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында Ресей аумағынан суық ауа массаларының енуі жағдайында термометр бағаны түнде -2-7С-қа дейін, күндіз +6+13С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде және еліміздің батысында ауа температурасының түнде -2+7С-қа дейін, күндіз +10+18С-қа дейін төмендеуі мүмкін, - деп хабарлады Қазгидромет.

Өзгелердің жаңалығы