Сауда және интеграция бірінші вице-министрі ауысты

19 Қыркүйек 2023, 12:46
779
Бөлісу:
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі ауысты
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Айжан Бижанова ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Айжан Әділқызы Бижанова ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, - делінген хабарламада.

Айжан Бижанова 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Қайнар Академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы «Кедентрассервис» ЖАҚ менеджері болып бастаған.

2004-2007 жылдары — «Қазақ ақпараттық технологиялар ғылыми-зерттеу институты» АҚ Заң бөлімінің аға заңгері, бастығы.

2010-2011 жылдары — Алматы қаласы Әділет департаменті Жетісу ауданының АХАЖ және Құқықтық түсіндіру жұмыстары және халыққа заңгерлік қызмет көрсету жұмысы бөлімдерінің жетекші маманы.

2011-2013 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2013-2014 жылдары — «ҚазМедТех» АҚ Заң және кадр жұмысы департаментінің директоры.

2014-2018 жылдары — «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Сараптаманы үйлестіру департаментінің сарапшысы, Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің басқарушы директоры, директоры.

2018-2019 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.

2019-2020 жылдары — ҚР Сауда және интеграция министрлігі Ішкі сауда департаментінің директоры, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.

2020-2021 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі.

2021 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы