Сауда саласындағы 16 кедергі алынып тасталды

20 Тамыз 2020, 13:35
1606
Бөлісу:
Сауда саласындағы 16 кедергі алынып тасталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еуразиялық сауда экономикалық одақ аясында елде сауда саласындағы 16 кедергі алынып тасталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

Министрдің айтуынша, ведомство сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық комиссияның кедергі сипаты бар өтініштерді қарау мерзімін 3 айға дейін қысқартуға қол жеткізді. Бұрын олардың мерзімі бір жылға дейін созылатын. 
Сертификаттау мәселесіне қатысты да бірқатар шаралар атқарылды. Енді экспорттаушы кәсіпорындарға өнім сериясын жарты жылда бір сертификаттау жеткілікті. Бұл әсіресе азық-түлік экспортаушыларға ыңғайлы. Сүт өндіруші кәсіпорындар Ресей нарығына шыққанда осындай қиындықтарға тап болған. Өйткені тауардың әр партияы сертификатталып отырған. Осылайша тауардың сөрелерге жеткенше мерзімі өтіп кететін жағдайлары жиі орын алып тұрды, - дейді министр. 
Осыған дейін есептік онлайн брифингте Бақыт Сұлтанов елде 2025 жылға дейін тағы 600 экспорттаушы кәсіпорынның пайда болатынын айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы