Сауда және интеграция министрлігі Төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді

15 Наурыз 2020, 17:09
1792
Бөлісу:
Сауда және интеграция министрлігі Төтенше жағдайға қатысты түсініктеме берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі республикада төтенше жағдай кезінде азық-түлік маркеттері мен базарлар өз жұмысын жалғастыратынын хабарлайды.

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикада төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығында айтылғандай, ірі сауда нысандарының жұмыс істеуі шектеледі, адамдар көп жиналатын сауда-ойын-сауық орталықтарының (...) қызметі тоқтатылады. Азық-түлік және өнімсіз шағын дүкендер, сондай-ақ СОО-дан тыс орналасқан шағын және орта бизнестің өзге де сауда объектілері иелерінің қалауы бойынша жұмыс істейтін болады - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетсек, бүгін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде төтенше жағдай енгізу туралы жарлығы шықты. Жарлықтың 3-тармағының 2-тармақшасында ірі сауда объектілерінің жұмыс істеуіне шектеу қойылсын; 3-тармақшасында сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің қызметін тоқтата тұрсын; делінген.

Өзгелердің жаңалығы