Сауда индустриясының өзекті мәселелері талқыланды

4 Ақпан 2021, 22:07
1724
Бөлісу:
Сауда индустриясының өзекті мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Алматыға сапары аясында бестік одақтың Үкімет басшыларының дәстүрлі дөңгелек үстелге қатысты. Бұл жайлы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Еуразиялық кеңесі мен цифрлық форумда Еуразиялық даму банкі, "Сбербанк" АҚ ЕБ, "Aitu Sauda" ЖШС, сондай-ақ "Magnum Cash&Carry" ЖШС өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелге қатыстым. Дөңгелек үстел барысында сауда индустриясының өзекті мәселелері талқыланып, креативті идеялар мен бастамалар айтылып, көрсетілді. Талқылау қорытындылары бойынша бірқатар ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды - деді министр.

Меморандумдардың негізгі мақсаты сауда саласындағы цифрлық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша берік әріптестік қатынастар орнату және ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту. 

Мемлекет пен бизнес қауымдастықтың өзара ынтымақтастығы жағдайында біз азаматтардың өмірін жақсартып, заман ағымына сай қадам жасай аламыз деп ойлаймын. Меморандумдар экспортты ілгерілету, электрондық сауданы дамыту, тауар айналымының ашықтығын және тауарлар қауіпсіздігін арттыру жөніндегі тетіктер мен арналарды құру, сондай-ақ Еуразиялық кеңістікте цифрлық шешімдерді қолдану арқылы шағын және орта бизнес субъектілерін интеграциялық процестерге тарту саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастықты дамытуды көздейді - деді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар ол биылдан бастап Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық ететінін атап өтті. 

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Еуразиялық интеграцияны дамытуға, сауда кедергілерін жоюға және тауарлар мен қызметтердің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырды. Бүгінгі кездесу сауда саласындағы ең үздік шешімдерге және біз қойған міндеттерге қол жеткізу үшін жақсы үлгі болады деп сенім артамын. Барлық қатысушыларға өзара тиімді ынтымақтастығымыз үшін үлкен алғысымды білдіремін! Баршаңызға толағай табыс пен жетістіктер тілеймін! - деді министр.
Өзгелердің жаңалығы