Сауда экономикалық бірлескен жобаларды қолға алумыз керек – Тоқаев

14 Қазан 2022, 16:43
798
Бөлісу:
Сауда экономикалық бірлескен жобаларды қолға алумыз керек – Тоқаев
Фото: Ақорда

Астанада өтіп жатқан Орталық Азия-Ресей саммитінде  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі жағдайда қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстарды сақтау аса маңызды. Шағын және орта бизнесті қолдау шараларына, энергетика, өнеркәсіп, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен жобаларды қолға алуға ерекше назар аудару қажет. Бұл ретте сауда кедергілерін жою және протекционистік шараларға жол бермеу маңызды, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Айтуынша, ТМД-да өңірішілік сауда-саттықты дамытуға бағытталған күш-жігерді жандандыру қажет.

Бұл жерде тауар айналымының құрылымын жақсартуға және оның номенклатурасын кеңейтуге мән берген жөн, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға айрықша көңіл бөлу керек деп есептейді. Елдеріміз үшін оның қаупі әлі сейілген жоқ. Президенттің пікірінше, тұрақсыздыққа алып келетін тағы бір фактор – өңірдегі жекелеген елдер арасындағы шекара мәселесінің реттелмеуі.

 Шекара проблемасы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, өзара сенім және тату көршілік негізінде, сондай-ақ халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысының қағидаттарын мүлтіксіз сақтау арқылы тек бейбіт жолмен шешілуге тиіс. Аталған мәселені қарастыру үшін өңірлік сараптама алаңын құру пайдалы болады деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы