Сауд Арабиясында қар жауды

2 Қаңтар 2022, 10:54
2872
Бөлісу:
Сауд Арабиясында қар жауды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабиясының Табук аймағында сенбі күннен бері қар аралас жаңбыр жауып жатыр. Бұл туралы Saudi Gazette хабарлады.

Сауд Арабиясында қар жауды

Джабал әл-Лавз шыңының әдемі көрінісі облыс тұрғындарының ықыласына бөленді. Адамдар қар жауғанда жарыса суретке түсуде. Әлеуметтік желілерде суреттерімен бөліскен отбасылар мен балалар жұртты әдемі көрініспен таңқалдырды, өйткені аймақ туризм үшін тартымды жер болып саналады.

Сауд Арабиясында қар жауды

Бір қызығы, фотосуреттер мен бейнелер әлеуметтік желіде таралғаннан кейін, әлемнің түкпір-түкпірінен жұртшылықтың ықыласына бөленді, өйткені Сауд Арабиясында жауған қардың қалай керемет болып жатқаны көпшілікке қызық.

Сауд Арабиясында қар жауды

Al-Ekhbariya арнасының хабарлауынша, қар Корольдікте жексенбіге дейін жауады, ал Ұлттық метеорология орталығы Корольдіктің кейбір аймақтарында жұмадан дүйсенбіге дейін күн күркірейді деп мәлімдеді. 

Сауд Арабиясында қар жауды

NCM есебіне сәйкес, Эр-Рияд, Мекке, Мәдина, Шығыс провинциясы, әл-Баха, Асир, Джазан, әл-Қасим, Табук, әл-Джуф және Хайль аймақтарында орташа және қатты жаңбыр жауады.

Сауд Арабиясында қар жауды

Джабаль әл-Лавз Сауд Арабиясының солтүстік-батысында, Табук аймағында Иордания шекарасына жақын жерде, Табук қаласынан солтүстік-батысқа қарай шамамен 200 км жерде орналасқан тау сілемдерінің бірі және онда бадам ағаштары болғандықтан Джабал әл-Лавз деп аталады.

Өзгелердің жаңалығы