Сауд Арабиясы мұнай өндіру көлемін рекордтық деңгейге көтермек

8 Наурыз 2020, 13:00
2003
Бөлісу:
Сауд Арабиясы мұнай өндіру көлемін рекордтық деңгейге көтермек

Алматы, BAQ.KZ. Сауд Арабиясы сәуір айынан бастап күніне 10 млн баррель мұнай өндірмек. Бұл туралы  Bloomberg хабарлады.

Королдіктің мұндай қадамға баруына ОПЕК+ аясындағы мұнай өндіруді төмендету жөніндегі келісімде Ресейдің бас тартуы себеп болған. Қазіргі таңда Сауд Арабиясы күніне 9,7 млн баррель мұнай өндіреді және қажет болған жағдайда рекордтық 12 млн баррелге дейін көтеруге дайын.

Эр-Рияд сондай-ақ бірнеше шикі мұнайын арзан бағада ұсынды, атап айтсақ барреліне 6-8 доллар сұрап отыр. 

Трейдер агенттіктердің пікірінше, мұндай қадам ресейлік компаниялардың Еуропада мұнай сатуына кедергі келтіру үшін жасалған.
Өзгелердің жаңалығы