Сатыбалды мен Боранбаевтың қамауға алу мерзімі бір айға ұзартылды

13 Мамыр 2022, 13:09
1204
Бөлісу:
Сатыбалды мен Боранбаевтың қамауға алу мерзімі  бір айға ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

10 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қайрат Сатыбалдыұлын қамауда ұстау мерзімін бір айға ұзартты.12 мамырда сол сот Қайрат Боранбаевты да қамауға алу мерзімін бір айға ұзартты. Бұл мәліметті Антикор брифинг өтіп жатқанда жариялады. 

Өз кезегінде Ұлан Сарқұлов  отбасының басқа мүшелеріне қатысты қылмыстық іс жоқ екенін айтты.

Қазір Қайрат  Сатыбалдыұлы мен Гүлмира Сатыбалды бойынша қылмыстық іс жүргізіліп жатыр. Отбасының басқа мүшелеріне қатысты қылмыстық іс жоқ. Күні кеше елордалық сот Қайрат Сатыбалдыны қамауда ұстауды 13 маусымға дейін ұзартты, - деді ол. 

Еске салайық, 13 наурызда Сатыбалдыұлының ұсталғаны белгілі болды. Ол рейдерлік жолмен бизнесті басып алды деген күдікке ілінді.17 наурызда Боранбаев қамауға алынды. Ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген.

 

Өзгелердің жаңалығы