Сатирик Көпен Әмірбектің інісі қайтыс болды

5 Ақпан 2021, 11:43
3649
Бөлісу:
Сатирик Көпен Әмірбектің інісі қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі сатирик Көпен Әмірбектің інісі өзі де сатирик-жазушы, Оспанхан Әбубәкіров атын­дағы сыйлық иегері Төпен Әмірбек қайтыс болды. 

Суық хабар келді. Көпен көке, өзіңіз  аузыңыздан тастамайтын бауырыңыз Төпен ағамыз да дүниеден озыпты. Кеше ғана Ерсұлтан бауырымыздың парақшасында  тілеулес ел Алладан шипа сұрап, дұға жасап едік. Алладан үкім келді, алдынан жарылқасын, арты қайырлы болсын!  Жаны жайсаң жарқын жан еді Төпен ағамыз! Өткір тілді, өресі биік  қаламгер, ұлт мүддесін ойлаған, халық мұңын жырлаған  елдің өз адамы еді... Алды пейіш, арты кеніш болғай! Өздеріңізге,  ұрпақтарына құдай ұзақ ғұмыр бергей! Әмірбек әулетіне, Базарбек, Ерсұлтан бауырларымызға да көңіл айтамыз. Ағамыздың иманы саламат болып, пейіште нұры шалқығай!,- деп жазды Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса.

Айта кетейік, Төпен Әмірбек 1954 жылы 11 желтоқсанда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданы Балтакөл ауылына қарасты Көлқұдық елді мекенінде дүниеге келген. Отырар аудандық «Отырар алқабы» газетінің бас редакторы болған.

Өзгелердің жаңалығы