Сәтбаевтағы атыс. Екі азамат ұсталды

19 Қазан 2022, 09:47
773
Бөлісу:
Сәтбаевтағы атыс. Екі азамат ұсталды

Жүргізілген жедел-іздестіру іс шаралары барысында полиция қызметкерлерімен 18 және 20 жастағы екі азамат ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның бірі көлік басқаруында болса, екіншісі болжам бойынша жәбірленушіге оқ атқан. 

Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін берді. Алдын ала болжам бойынша Ulytau Mall сауда үйінің алдында жас жігіттер сөзге келіспей қалып, соңы төбелеске ұласқан. 

Көлікпен кетіп бара жатып, күдіктілердің бірі 24 жастағы азаматқа оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жәбірленуші оқ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. 

Аталған факт бойынша Қылмыстық кодексінің 24-99 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқиғаға қатысушылардың жеке бастары анықталды. Қазіргі уақытта оларды ұстау бойынша кешенді шаралар жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы