Сәтбаевта заңсыз жұмыс істеген 5 шетелдік анықталды

27 Қыркүйек 2022, 15:24
1100
Бөлісу:
Сәтбаевта заңсыз жұмыс істеген 5 шетелдік анықталды

Ұлытау облысы аумағында “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қылмыстың жолын кесу, полиция мәртебесін көтеру мен халықпен тығыз қарым-қатынас орнату. 

Сәтбаев қаласында өткізіліп жатқан іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздерінің бекітілген әкімшілік аймағындағы тұрғындармен танысу, тұрғындардың арасында болған әртүрлі құқық бұзушылықтарды анықтау үшін тұрғын үйлер мен көпқабатты үйлер тексерілуде. Тексеру барысында тұрғылықты мекен-жайлары жоқ адамдар, адамдарды заңсыз жұмысқа пайдалану, шетелдік азаматтардың көшіп-қону заңнамасын бұзу фактілері жіті қаралады. 

24 қыркүйекте “Учаске” жедел алдын алу шарасы кезінде Сәтбаев қаласының ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері және облыстық ПД Көші-қон полиция басқармасының бірлесе іс-қимыл әрекеті кезінде рұқсатсыз жұмыс істеген 5 шетел азаматы анықталды.

Өзбекстан Республикасының 5 азаматына заңсыз жұмыс істегені үшін, ҚР Әкімшілік кодексінің 517-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамма толтырылып, қалалық мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. Сонымен қатар ҚР азаматына заңсыз шетел азаматтарын еңбекке тартқандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өзгелердің жаңалығы