«Сарышаған» полигонында әуе әскерінің жауынгерлік жаттығулары өтті

6 Қыркүйек 2019, 20:57
1939
Бөлісу:
«Сарышаған» полигонында әуе әскерінің жауынгерлік жаттығулары өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының «Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық – 2019» оқу-жаттығуы шарасы аясында Қазақстан мен Қырғызстан әуе шабуылына қарсы қорғанысының жауынгерлік есептоптары зениттік-зымыран жүйелерінен практикалық оқ атуларды орындауда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

ӘШҚҚ әскерлері шарт бойынша нысаналарды қолдану арқылы қанатты зымырандар мен шартты қарсыластың әуе кемесін келтіретін жауынгерлікке барынша жақындатылған жағдайларда тәжірибелік ату тапсырмаларын пысықтауда.

МиГ-31 жойғышы «әуе-әуе» зымырандарымен бірге әуе нысандарын жою барысында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріне қолдау білдірді.

Сонымен қатар Су-25 шабуылдаушылары және Су-30СМ заманауи жойғыштары, Ми-17 тікұшақтары басқарылмайтын және басқарылатын зымырандар, авиациялық және жарқыншақты-фугасты бомбаларды пайдалану арқылы жердегі нысаналарды жою мақсатындағы міндеттерді орындайды.

Оқу-жаттығуға Әуе қорғанысы күштері жеке құрамының 1 000-нан аса әскери қызметшісі мен мерзімді қызметтегі сарбаздар қатысуда. Олар офицерлік құрам мен келісімшарт қызметінің әскери қызметшілерінен алған білімдерін іс жүзінде қолданды.

«Жауынгерлік достастық – 2019» халықаралық оқу-жаттығуы шеңберінде практикалық іс-қимылдар Ресейдегі «Ашулук» полигонында өтуде.

Бірлескен оқу-жаттығу халықаралық әскери ынтымақтастықты нығайтып, ТМД ӘШҚҚ бірлескен жүйесі аясында өзара іс-қимыл жүргізудің тиімділігін арттыруда септігін тигізеді.

 

 

Өзгелердің жаңалығы