Сарыарқа ауданында жүгіруден марафон өтеді

8 Қыркүйек 2023, 12:09
587
Бөлісу:
Сарыарқа ауданында жүгіруден марафон өтеді
Фото: Артём Чурсинов - архив

9 қыркүйек күні «Koktal Run» жүгіру марафоны өткізіледі. Оған жеңіл атлетиканы ұнататын әрбір тұрғын қатыса алады,деп хабарлайды BAQ.KZ қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жүгіру қашықтығы:

Балалар (16 жасқа дейінгі қыздар): 1 км;
Балалар (16 жасқа дейінгі ұлдар): 2 км;
Ересектер (жас шектеусіз): 5 км.

Марафонға тіркеу 9 қыркүйек күні сағат 08:00-де басталады.

Марафон соңында балалар мен ересектер арасында бірінші, екінші, үшінші орын алған үздік қатысушылар марапатталады.

Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және бағалы сыйлыққа ие болады.

Өзгелердің жаңалығы