"Сарыарқа" хоккей клубының бас бапкері тағайындалды

12 Мамыр 2020, 14:36
1334
Бөлісу:
"Сарыарқа" хоккей клубының бас бапкері тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Руслан Сулейманов "Сарыарқа" хоккей клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлады Olympic.kz. 

53 жастағы ресейлік маман 2011 жылдан бастап "Торос" клубын басқарды. Сонымен қатар, 2015-2016 мен 2016-2017 жылдары "Толпар" мен "Южный Урал" клубтарының бас бапкері қызметін атқарған. "Торос" командасымен 2012 мен 2013 жылдары екі рет қатарынан жоғарғы хоккей лигасының жеңімпазы атанған. 

Өзгелердің жаңалығы