Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының Сарыағаш ауданында осы жылдың 9 айында жалпы 49 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Олардың жалпы ұзындығы - 83,8 шақырым. Аудандағы жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесін жыл соңына дейін 53%-ға жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 9 айда жалпы ұзындығы 17 шақырымды құрайтын ауданның 12 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін қосымша тағы 5 көшенің жол жөндеу жұмыстары аяқталатын болады.Ауданды инфрақұрылыммен қамту бойынша елді мекендерге шаққанда табиғи газбен қамту үлесі 2021 жылдың 9 айында 53,7% құрап отыр. Жыл соңына дейін қамту үлесін 56,7%-ға жеткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, ауыз сумен қамту үлесі бүгінгі таңда 59,7% болса, жыл соңына дейін 62,7%-ға жеткізу көзделген.