Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

17 Тамыз 2022, 09:27
1389
Бөлісу:
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 17 тамызға арналған ауа райы болжамы жариялад, депхабарлайды BAQ.KZ. 

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін  ауқымды Солтүстік Батыс антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, сонымен қатар температуралық фонның ақырындап төмендеуі күтіледі.

Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында өте қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында қатты ыстық сақталады.

Қызылорда облысы, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау, Ақтөбе, Алматы облыстарының шығысында, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының Бескарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы