Сарбаздардың тісін тегін емдеу ұсынылды

30 Қаңтар 2024, 16:11
320
Бөлісу:
Сарбаздардың тісін тегін емдеу ұсынылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас шатабының бастығы Сұлтан Қамалетдинов Мәжілісте мерзімді қызмет сарбаздарына, курсанттарға, кадеттерге стоматологиялық көмек көрсету мәселесін көтеріп, ұсыныс айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, әскери бөлімдер бүкіл елде, оның ішінде әскери-медициналық бөлімшелерде сарбаздарға стоматологиялық көмек көрсету мүмкіндігі жоқ шалғай жерлерде орналасады.

Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін, курсанттарды, кадеттерді әлеуметтік қорғау мақсатында Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмекке жататын азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесіне сарбаздарды, курсанттар мен кадеттерді енгізу туралы бірнеше рет ұсыныстар енгізді. Алайда денсаулық сақтау министрлігі ұсынған бастамаға қолдау көрсетпей отыр, - деді Қамалетдинов.

Оның айтуынша, әскери қызметтің беделін арттыру мақсатында сарбаздарды, курсанттар мен кадеттерді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен шұғыл стоматологиялық көмекке жататын адамдардың тізбесіне қосу туралы мәселені қарауға болады.

Өзгелердің жаңалығы