Сарбаздар оқу аудиториясынан шықпай-ақ әскери көліктерді басқарады

4 Қаңтар 2024, 12:31
559
Бөлісу:
Сарбаздар оқу аудиториясынан шықпай-ақ әскери көліктерді басқарады
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Ақтау гарнизонындағы теңіз жаяу әскерінің бригадасында және «Оймаша» полигонында жеке дайындық сабақтары өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскери қызметшілер жауынгерлік даярлықтың бұл кезеңінде өздерінің функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, оларды пайдалану ережелерін үйренеді. Одан бөлек олар тактикалық, инженерлік, атыс, саптық, арнайы, медициналық дайындық, радиациялық, биологиялық және химиялық қорғау бойынша нормативтерді пысықтайды.

Сарбаздар оқу аудиториясынан шықпай-ақ әскери көліктерді басқарады

Тәжірибелі нұсқаушылардың жетекшілігімен теңіз жаяу әскері отандық өндірістен шыққан жаңа тренажер кешендерінде оқытылады. Аталған кешендердің көмегімен қазіргі заманғы ұрыс жағдайының үлгісі беріледі. Тренажерлер экипажға бірнеше шақырым жүруге, тәуліктің кез келген уақытында және әртүрлі ауа-райында әртүрлі кедергілерді еңсеруге мүмкіндік береді. Оқу аудиториясынан шықпай-ақ, сарбаз өзін жаяу әскердің жауынгерлік машинасының оператор-көздеушісі ретінде сезініп, оның ішінен қалай жұмыс істейтінін көреді, көлік моторының гүрілін де естіп отырады.

 Өз елімізде шыққан жаңа тренажер кешендерін алдық. Бұлар Калашников автоматынан, танкке қарсы зымыран кешенінен, мерген мылтығынан, пулеметтен және граната атқыштан ату дағдыларын үйренуге мүмкіндік береді. Жаттықтыру кешендерінің арқасында оқ-дәрілерді жұмсамай, оқу сыныбында сарбаздар нысаналарды анықтау және дәлдеуге, ату сәтін анықтауға және ату нәтижелерін бағалауға машықтанады, – деді бригада сержанты 2-сыныпты сержант Ержан Абжилов.

Сарбаздар оқу аудиториясынан шықпай-ақ әскери көліктерді басқарады

Биылғы жылы теңіз бригадасында тағы үш жаңа жаттықтыру кешені алынбақ, онда әскери қызметшілер бронды транспортерлерді басқаруды, танкті және көп мақсатты берен «Арлан» дөңгелекті машиналарынан атуды үйренеді.

Жоспарға сәйкес қысқы оқу кезеңінде 1200-дің үстінде маман даярланады. Осы мақсатта 80 оқу тобы құрылып, нұсқаушы ретінде 150-ден астам үздік әскери қызметші тартылды.

Мамандық бойынша дайындық бір айға созылады. Содан кейін кешенді бақылау сабақтары өткізіліп, әрбір әскери қызметшінің білімі мен машықтану деңгейі бағаланады.

Сарбаздар оқу аудиториясынан шықпай-ақ әскери көліктерді басқарады

Жауынгерлік міндеттерді орындау кезінде бөлімшелердің, взводтардың, роталардың, батальонның бірлескен іс-қимылдарын пысықтауға бағытталған жауынгерлік даярлықтың келесі кезеңі бөлімшелерді үйлестіру болмақ.

Өзгелердің жаңалығы