Сарбаздар әскерден оралды

16 Мамыр 2022, 10:28
2193
Бөлісу:
Сарбаздар әскерден оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының полковник Бағдәулет Оспанбеков басшылық жасайтын 5571 әскери бөлімінде  белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілерге құрмет көрсету салтанатты іс-шарасы өтті.

Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаев, Алмалы аудандық мемлекеттік-құқық бөлімінің жетекшісі Нұрлан Бөжеев, Алматы қалалық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары полиция майоры Адылбек Қозыбаев, Алматы қалалық сарбаздар аналары комитеті қоғамдық бірлестігінің өкілі Татьяна Тропина және бөлімнің ардагерлері қатысты.

Сарбаздар әскерден оралды

Алматы қалалық сарбаздар аналары комитеті қоғамдық бірлестігінің өкілі Татьяна Тропина ұлының шығуына келген.

Әскери бөлімшенің жетекшісі мен командирлеріне алғыс айтамын. Әрине, қазір қобалжып тұрмын. Қазір біз балаларымыз үшін алаңдамаймыз. Ата-аналар балаларыңызды әскерге жіберуге қорықпаңыздар. Олар сол жолдан өтіп, қайсарлы ер-азамат болып шыңдалады. Біздің еліміз бен жерімізді қорғайды, - деді Татьяна Тропина. 

 Салтанатты шарада Отан алдындағы әскери борыштарын адал атқарып, үздік жетістіктерге қол жеткізген әскери қызметшілер Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының және Алматы қалалық аудан әкімдерінің бұйрығымен марапатталды. Сондай-ақ, ең үздік сарбаздардың аналары Ардагерлер кеңесі төрағасының атынан «Отан қорғаушының анасы» кеуде белгісімен марапатталды.

Айта кетейік, 1-2021 жылғы шақырылым сарбаздары биылғы Отан қорғаушылар күні мерекесінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атынан Ұлттық ұлан төл белгісі бар командирлік қол сағаттармен марапатталған еді. Дәл осы запасқа шығарылып жатқан жауынгерлер биылғы қаңтар айында Алматыда болған жаппай тәртіп бұзушылық кезінде жауынгерлік міндеттерін мүлтіксіз атқарып, әскери анттарына адалдық  таныта отырып, Отан қорғаушы жауынгердің бірден-бір үлгісі бола білді.   Олар ауыр жарақаттар алып, денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп төнсе де, жүктелген міндеттерді орындау үшін қайта сапқа тұрып, жауынгерлік қызметтерін табандылықпен атқарды.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5547 және 5514 әскери бөлімдеріндегі 1-2021 жылғы шақырылым сарбаздарының ішінен қатардағы Қайсар Мадияров және Айбат Амановтың туған өлкесіне қайтып оралмайтындығы өте өкінішті. Олар  қаңтар қақтығысында ерлікпен қаза тапты. 

Атына заты сай Қайсар және Айбаттай қаңтар қаһармандарының есімі өздері қызмет еткен әскери бөлімнің тізіміне мәңгілікке жазылып қалды.

 

Өзгелердің жаңалығы