Сарайшықтан табылған бас сүйектер қайта жерленеді

9 Сәуір 2024, 12:26
384
Бөлісу:
Сарайшықтан табылған бас сүйектер қайта жерленеді
Фото: Атырау облысы әкімдігінен

Махамбет ауданындағы Жайық өзенінің жағасына бөгет тұрғызу үшін топырақ күреу кезінде, адамның 12 дана бас сүйегі мен 26 дене сүйектері табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына құзырлы органдардың мамандары келіп аталған деректі АЕК тіркеп, тергеу алды тексеру жұмыстарын бастады. Алдағы уақытта, табылған сүйектер дәстүрге сәйкес қайта жерленеді.

Ескі Сарайшық үшін археологиялық қазба кезінде адам сүйегінің табылуы жаңалық емес. Өйткені, ортағасырлық Сарайшықта үлкен қорым бар екені баршамызға белгілі. Археологиялық зерттеу барысында да, тіпті ескі Сарайшық ауылы ішінде түрлі жұмыс барысында да адам сүйектері жиі кездесіп жатады. Ал, бүгінгідей, елде су тасқынынан қорғау мақсатында жасалып жатқан үлкен жұмыстар кезеңінде Жайық жағалауында мыңдаған маман дамбы соғу барысында адам сүйектерінің шығуы заңдылық. Әдетте, мұндай хабар жеткен бойда мамандар өз жұмыстарын атқарып, оларды зерделеп, жер қойнына салт –дәстүріміз бойнша тапсырады, - деді, "Сарайшық музей-қорығы директоры Мұхтар Әбілсейіт.

Айта кету керек, бұған дейін Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын. Қазіргі таңда Жайық бойында орналасқан Махамбет, Индер аудандарында және Атырау қаласына бөгет тұрғызу, жаға бекіті жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы