Сарапшылар пікірі: Утилизация алымының төмендеуі автомобильдердің құнына әсер етпейді

23 Ақпан 2022, 17:53
1314
Бөлісу:
Сарапшылар пікірі: Утилизация алымының төмендеуі автомобильдердің құнына әсер етпейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр автокөліктердің қайта өңдеу алымы 50 пайызға төмендетілетінін айтты. Осы орайда автоөндіріс саласындағы сарапшылардың пікірін сұрап білдік. 

«Қазақстан автобизнес қауымдастығы» ЗТБ  бас сарапшысы Гүлжан Телжанова 

Қайта өңдеу төлемі отандық техниканың құнына кірмейді, яғни жаппай сегменттегі көліктердің 75%-ы және тракторлар мен комбайндардың 89%-ы құндағы қайта өңдеу ақысыз сатылады. Біз Үкіметтің бұл бастамасын қолдаймыз. Бұл - өте дұрыс шешім. Бұл қаржы бағыты жолаушылар ағынын жақсартуға, халқымызға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға игі бастама болмақ, - деді Телжанова. 

Сарапшының айтуынша, ДСҰ ережелері бойынша отандық тауар өндірушілерге тікелей субсидиялар болмауы керек.

 Отандық өндірушілер қайта өңдеу ақысын импорттаушылармен бірдей төлейді, бірақ қайта өңдеу төлемінің сомасы ынталандыру ережелеріне сәйкес өндірушіге қайтарылады. Сондықтан қайта өңдеу ақысының сомасы Қазақстанда жасалған көліктердің құнына кірмейді, - деді ол. 

 Ал «SUBARU KAZAKHSTAN» ЖШС директоры Ақылбек Анарбаевтың айтуынша, утилизация алымын 50 пайызға дейін төмендету «еститін мемлекет» қағидасын көрсететінін айтты. 

Бұл бастама құптарлық жағдай. Енді жаңа утилизациялық алым күшіне енсе, біз сол сомаға шығыс бағаны төмендетеміз деген ынтамыз бар. Біздің көліктер Жапониядан импортталады. Жаңа утилизациялық алым біздің бағаға оң септігін тигізеді, - деді ол. 

Анарбаев атап өткендей, мысалы, егер бұрын утилизациялық алым компанияға 1,5 млн теңгеге жуық сома төлеген болса, қазір оның жартысы ғана төленеді. 

Бұл біздің клиенттерге жақсы болады. Енді оның өз күшіне енгенін күту керек, - деді ол. 

Өз кезегінде «СарыаркаАвтоПром» ЖШС қызметкері Сырым Семейбаев утилизациялық алымның мөлшерлемесі ешқашан отандық өндірістегі автомобильдердің құнына кірмегенін атап өтті. 

Демек утилизациялық алымының төмендеуі өндірушіге және автомобильдердің құнына әсер етпейді, - деді Семейбаев. 

Айта кетейік, 11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қайта өңдеу  мөлшерлемесін қайта қарауды тапсырды.

22 ақпанда Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Жасыл Даму» жаңа кәсіпорнына ӨКМ операторының есепшотында бар шамамен 220 миллиард теңге аударылғанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы