Сарапшылар бірегейлікті дамытудың практикалық аспектілерін талқылады

25 Қаңтар 2024, 17:19
1615
Бөлісу:
Сарапшылар бірегейлікті дамытудың практикалық аспектілерін талқылады
Фото: Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты

«Egemen Qazaqstan» газетіндегі Мемлекет басшысының сұхбатын талқылауға арналған «Жалпыазаматтық бірегейліктің факторлары мен компоненттері» тақырыбындағы дөңгелек үстелі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараға «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Нұрбек Матжани, «Жастар» ҒЗО директоры Айсұлу Ерниязова, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Элина Масагутова, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев, ҚЭЗИ Этносаралық ахуал мониторингі орталығының директоры Гүлдана Оқасова, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мүшелері, сондай-ақ сараптамалық қоғамдастықтың басқа да өкілдері қатысты. Іс-шара модераторы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Аяулым Сағынбаева болды.

Сарапшылар бірегейлікті дамытудың теориялық және практикалық аспектілерін талқылады, сондай-ақ Қазақстандағы азаматтық өзін-өзі сәйкестендіру мәселесіндегі заманауи үрдістерге байланысты зерттеулердің нәтижелерімен бөлісті.

Алаң спикерлері өз сөздерінде азаматтардың әлеуметтік-саяси процестерге қатысу дәрежесін арттыру негізінде және қоғамдық бастамаларды кешенді қолдау арқылы жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру мәселелерін қозғады. Спикерлер ғылыми-тәжірибелік тәсілдің қажеттілігін ескеріп, аталған жұмыста ғылыми-сараптамалық қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.

Қорытындылай келе, спикерлер ғалымдар мен сарапшылардың сәйкестікті дамытудың әдіснамалық негізін дайындаудағы ерекше рөлге ие екенін атап, алдағы бірлескен жұмыстың негізгі векторларын анықтады.

Өзгелердің жаңалығы