Сарапшы: Жемқорлықтың алдын алу мектептен басталуы тиіс

16 Наурыз 2021, 13:01
1426
Бөлісу:
Сарапшы: Жемқорлықтың алдын алу мектептен басталуы тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «AntikorLive» жобасы барысында М. Нәрікбаев атындағы «КАЗГЮУ» университетінің аға оқытушысы, «Әділет министрлігі - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Лилия Испенбетова білім саласындағы жемқорлық тәуекелдері туралы сөз қозғады. 

Оның айтуынша, жобалық кеңсесінің командасы білім ордаларындағы жемқорлық тәуекелдері бойынша мониторинг жүргізді.

Содан шығарған қорытындым білім саласындағы жемқорлық тәуекелдерін жою үшін әлі де жұмыс істеу керек. Мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін қабылдау, емтихан алу, тестілеу процестеріне байланысты әлі де қоғамда туындап жатқан сұрақтар көп. Бұл саланың ашықтығын қамтамасыз ету үшін антикоррупциялық бақылау мен тәуекелдерді жою бағытындағы жұмыс қажет. Білім саласы елдің болашағын, кадрларын дайындайтын фундамент болғандықтан ұрпақтың жемқорлыққа куә болуы сондай қоғамның қалыптасуына әкеледі, - деді ол.

Сондай-ақ ол жемқорлықтың алдын алу мектеп партасынан басталатынын да атап өтті. 

Оның ойынша, оқушылар бойында адалдық деген сияқты қасиетті қалыптасыру үшін ұстаздың өзі оған үлгі болуы тиіс. Сондықтан білім ордаларында жемқорлыққа қарсы күрес пен оның алдын алу жүйелі әрі жан-жақты жұмысты талап етеді.

Өзгелердің жаңалығы