Сарапшы Қазақстанның қай саласында кибершабуылдың артқанын айтты

15 Қазан 2021, 16:08
1203
Бөлісу:
Сарапшы Қазақстанның қай саласында кибершабуылдың артқанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Kaspersky-дің Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов мәлімдеді.

Kaspersky-дің статистикалық зерттеуіне сәйкес, Қазақстан ТП АБЖ үшін қауіптердің негізгі бөлігі интернеттен келетіні анықталды. Сондай-ақ күнделікті тұрмыста қолданылатын алмалы-салмалы тасығыштар флешкалар мен қатты дискілер арқылы таралады. Биыл Қазақстан мен Ресейдегі ірі компанияларға мақсатты түрде шабуыл жасайтын хакерлер саны өскен. Киберқылмыстың кесірінен екі мемлекеттің компания өкілдері 900 мың доллар жоғалтып отыр. Кибер шабуылшылар ең алдымен барлау жұмыстарын жүргізіп, осал тетіктерін іздейді, - деп атап өтті директор.

Оның мәлімдеуінше, кибершабуылдар мен деректердің таралып кету қаупін азайту үшін кез келген ұжым қызметкерлеріне ақпараттық қауіпсіздік бойынша тренингтер өткізіп отыру керек.

Біздің жаңа зерттеуіміз барысында бизнестің алдында тұрған киберқауіпсіздік тұрғысынан ең күрделі міндеттер - бұл деректерді қорғау, заңнамалық нормаларға сәйкестік, сондай-ақ қызметкерлердің цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру мәселелесі, - деп түсіндірді Kaspersky-дің Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов.

Өзгелердің жаңалығы