Сарапшы: Инновация – экономиканы дамытудың драйвері

31 Қаңтар 2023, 15:34
1879
Бөлісу:
Сарапшы: Инновация – экономиканы дамытудың драйвері

Жаһандану заманында елдің нарықтық-экономикалық әлеуетін жақсарту маңызды. Мұндай пікірді Қоғамдық даму институтының сарапшысы Бауыржан Серікбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сарапшының пікірінше, глобализация мен халықаралық бәсекенің өршіп тұрған кезі мемлекеттерге ақыл-ой ресурсын тиімді пайдалану жауапкершілігі мен міндетін жүктейді. Өйткені ғылым мен техниканың қарыштап дамып, жаңашылдықтың ерекше серпін алған уақытында табиғи ресурстарға иек артып отыру – қателік болар еді. 

Сондықтан жаһандану заманында елдің нарықтық-экономикалық әлеуетін жақсартқан маңызды. Бұл инновацияны дамыту процесінде кешеуілдеп қалуға болмайтынын білдіреді. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (WIPO – World Intellectual Property Organization) жыл сайын әлем елдерінің инновациялық даму индексін жариялайды. Зерттеу 132 мемлекеттің инновациялық экожүйесінің көрсеткіші мен соңғы жаһандық тенденцияларда бақылайды, - деп айтты Серікбаев.

Қазақстанның инновациялық даму қарқыны қандай? Айтылып отырған зерттеу кезінде негізге алынатын бағыттар мыналар:

  • ғылыми институттар қауқары;
  • адами капитал;
  • инфраструктура;
  • несие жүйесі, инвестиция;
  • білім беру мен интеллектуалды қабілет;
  • өнертабыстар нәтижесі.
     
Сарапшы: Инновация – экономиканы дамытудың драйвері
(Инновация саласының географиялық аймақ бойынша 2022 жылғы рейтингі)

Сарапшы келтірген дерекке сәйкес, WIPO жасаған 2022 жылғы жаһандық инновациялық даму индексінде экономикалық көрсеткіштер бойынша Қазақстан 132 елдің арасында 83-орынды (Түркия 37, РФ 47, Молдова 56, Украина 57, Моңғолия 71, Грузия 74) иеленсе, табысы ортадан жоғары 36 елдің ішінде 27-орынға тұрақтады. Ал Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасында өңірлік классификация бойынша еліміз Үндістан, Ираннан кейінгі орында тұр.

Жылы

Рейтингі

Инновацияға инвестиция

Инновация нәтижесі

2020

77

60

94

2021

79

61

101

2022

83

65

97

(Қазақстанның жаһандық инновациялық даму индексіндегі соңғы 3 жылдағы рейтингі)

2022 жылы енгізілетін инновациялар көлемі бойынша Қазақстан 65-орында, бұл көрсеткіш 2021 және 2020 жылдармен салыстырғанда төмен. Ал инновациялық қызмет нәтижесі бойынша айтатын болсақ, еліміз 97-орынға тұрақтады. Бұл позиция 2021 жылмен салыстырғанда жоғары, бірақ 2020 жылғы көрсеткішке қарағанда төмен, - дейді Бауыржан Серікбаев.

WIPO зерттеуінде Қазақстанның жаһандық инновациялық даму компоненттерінің мықты және әлсіз тұстары талданып, соңғы үш жылдағы статистикалық деректер жүйеленген. 

Сондай-ақ материалда жаһандық инновациялық даму көрсеткіші бойынша әр мемлекеттің инновациялық өндіріс өнімділігіне қосқан үлесінің статистикалық деректері, ғылым мен инновацияға салынған инвестиция, 100 үздік ғылыми-техникалық кластер, экономикалық профиль, технологиялық прогресс, инновацияның енгізілуі және оның әлеуметтік-экономикалық әсері, елдердің әлемдік инновациялық даму рейтингіндегі жекелеген географиялық аймақ бойынша лидерлік позициялары туралы мәліметтер бар. 2022 жылғы жаһандық инновациялық даму индексінде Қытай 11, Түркия 37, Үндістан 40-орында – дейді ол.

Мықты тұсы

Әлсіз тұсы

Код

Индикатор атауы

Орны

Код

Индикатор атауы

Орны

1.2.3

Жұмыстан қысқарту төлемі

18

2.3.2

Зерттеу мен дамуға (R&D) кеткен шығындар

101

2.1.5

Мұғалім мен оқушы сан қатынасы

12

2.3.3

R&D-ге салынатын жаһандық инвестиция

38

2.2.1

Жоғары біліммен қамту

33

4.2.2

Венчурлық инвесторлар

93

2.3.4

Университеттер рейтингі

36

4.2.3

Венчурлық инвестиция алушылар

102

3.1.3

Үкіметтің онлайн қызмет көрсетуі

11

4.2.4

Алынған венчурлық капитал

99

3.1.4

Е-қызмет

26

5.2.1

Университетпен өндірістің байланысы

117

5.1.5

Ғылыми дәрежесі бар әйелдер

31

6.1.4

Ғылыми-техникалық мақалалар

117

6.1.3

Еңбек өнімділігінің өсімі

14

6.2.3

Ұлттық көркем фильмдер қаралымы

119

(Жаһандық инновация индексі бойынша Қазақстанның мықты және әлсіз тұстары)

WIPO зерттеуі әлемдік робототехника өнеркәсібі, роботтар және олардың сервистік дерекқорынан алынған мәліметтер негізінде соңғы 20 жылдағы өнеркәсіпті автоматтандыру үлесі мен өсу қарқыны бойынша да бірқатар ақпарат ұсынған.

Қазақстанның көрсеткіштеріне келетін болсақ, Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2021 жылы еліміздің 28,2 мың компаниясының 3 мыңында ғана жаңа инновациялар болған. Белсенділік деңгейі – 10,5%. Өңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш астаналық компанияларға тиесілі – 13,5%. Үздік үштікке Қарағанды (13%) және Ақтөбе (12,5%) облыстары кіреді. Ал инновациялық дамудың ең төмен деңгейі Павлодар облысының кәсіпорындары арасында тіркелді: небәрі 5,2%, - деп түсіндірді сарапшы.

Сарапшы: Инновация – экономиканы дамытудың драйвері
Бауыржан Серікбаев

Ойын қорытындылай келе Бауыржан Серікбаев әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал кез келген мемлекеттің өркендеуінің, экономикалық тұрғыдан жетістікке жетуінің бірден-бір кепілі екенін айтты. 

Сондықтан Қазақстанның инновациялық саясаты жаңа технологияларды ойлап табу, әзірлеу, игеру, ғылыми-техникалық әлеуетті күшейту, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, халықаралық стандарттарды меңгеру және кәсіпкерлік секторды қалыптастыру мәселелеріне бағытталуы керек – дейді сарапшы.

Өзгелердің жаңалығы