Сарапшы көмірді экспортқа шығарудың жолдарын атады

20 Қазан 2021, 17:09
4484
Бөлісу:
Сарапшы көмірді экспортқа шығарудың жолдарын атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец айтты.

Оның сөзінше, қазақстандық Шұбаркөл көмірі Еуропа елдерінде сұранысқа ие.

Біздің көкейімізде жүрген басты сұрақ - отандық көмірді тұтынып қана қоймай, оны өңдеп, сұранысы жоғары деңгейдегі тұрған шет елдерге сату. Бұл жолда ең бастысы теміржол секторында бәсекелестікті арттыру керекпіз. Себебі еліміздің теміржолы - бұл тек бір үлкен компания ғана, бірден жаңа әдістерімізді меңгеріп кете алмайды. Мәселен, қазіргі таңда Еуропамен келісімшарт бар дейік, бір айдан соң басқа өңірден жеткізуші шығады, сол кезде ҚТЖ басқа да жоспарлары бар екенін, жеткізе алмайтындығын айтады, - дейді Николай Радостовец.
Ол Astana Mining & Metallurgy 11-тау-кен металлургиялық конгресі аясында ұйымдастырылған жиында елімізде бәсекеге қабілетті әрі тасымалдау бағасы төмен, озық үлгідегі жекеменшік тасымалдаушы керек екенін айтты.

Сонымен қатар форум барысында ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы Ілияс Оспанов 11-тау-кен металлургиялық конгресі аясында талқыланған өзекті мәселелерге тоқталды.

Форумда бірталай мәселе шешімін тапты. Біріншіден, еліміздің ресурстары әлемдік стандарттарға сай болып, білім базаларына енді. Ол дегеніміз - Қазақстандағы ресурстардың расталу мәселесі. Біз басқа деңгейге, атап айтсақ, халықаралық банк және басқа да ірі кәсіпорындармен жұмыс істей аламыз деген сөз. Өздеріңіз білетіндей, бұл сала инвестицияны көптеп тартады. Сол себепті халықаралық қаражаттық мекемелердің қатысуы өте маңызды, - дейді Оспанов.
Өзгелердің жаңалығы