Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мұнай-газ саласының сарапшысы, «Байділдинов. Мұнай» бағдарламасының жүргізушісі Олжас Байділдинов жанармай бағасының қымбаттауына қатысты пікір білдірді.
Сарапшының айтуынша, бұл жағдай ұзаққа созылмады және нарық бағаның өсуіне теңгерімсіздікпен жауап берді.Баға өткен жылы қымбаттауы керек еді. Былтыр 20 наурызда мен жанармайдың өзіндік құнынан төмен сатылуының есебі бар сараптамалық материал жарияладым. Қараңыздар, қазір мұнай барреліне 60-65$ шамасында саудаланып жатыр, яғни қазақстандық мұнай литріне шамамен 170 теңгеден сатылып жатыр. Ал А-92 жанармайы Қазақстанда 155-160 теңге тұрады. Яғни, қайта өңдеудің дайын өнімі шикізаттан арзан болды. Мұндай есеп бірде-бір тауарға қатысты жүзеге асырылмайды. Мысалы, сүттің литрі 300-350 теңге, майдың келісі 3000 теңге тұрады, - деді Олжас Байділдинов.
Сарапшы атағандай, байқалған өсуден кейін де бұл теңгерімсіздік сақталып отыр.Себебі шикі мұнай ішкі нарыққа барреліне 20-30$ бағамен жеткізіледі, бұл әлемдік бағадан 2-3 есе төмен, ал қазақстандық мұнайдың орташа өзіндік құны барреліне 40$-ға жуық қаржыны құрайды. Яғни, МӨЗ-де мұнай тек әлемдік бағамен ғана емес, өзіндік құнынан да төмен сатылады,- деді ол.
Сарапшы биыл теңгерімді жағдайда А-92-нің бағасы 200 теңгеге жақын болуы тиіс екенін болжағанын айтты.Біз әлі де ең арзан жанармай бойынша әлемнің 10 елінің қатарындамыз. Көрші елдерде бензин 60-100 теңгеге қымбат тұрады. Тіпті Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясында А-95 жанармайы 250-260 теңге тұрады. Бізде жанармай бағасы арзан әрі жалақыға ыңғайлы, - дейді Байділдинов.
Наурыз айынан бастап ҚР-да мұнай өнімдері биржада саудаланады, яғни баға белгілеудің ашық нарықтық тетігі енгізілді. Бағаны реттеу және төмендету дұрыс болмайды, бұл отын тапшылығына алып келеді. Оған қоса біз бір жылдан астам уақыттан бері көрші елдерге ЖЖМ ағыны бар екенін байқап отырмыз, - деді сарапшы.