Сарапшы: Егер сіз партияны өзгерткіңіз келсе - оны басқарыңыз

24 Ақпан 2023, 14:33
1409
Бөлісу:
Сарапшы: Егер сіз партияны өзгерткіңіз келсе - оны басқарыңыз
Фото: inform.kz

Елді өзгерткіңіз келсе - оның басында тұрыңыз деп Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты сарапшысы Мирас Жиенбаев әлеуметтік желіде жазба жариялады,  деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол, наурыз айында өтетін Мәжілістің сайлауын осы маусымда өтетін саяси күрестің басты аренасы деп санайды. 

Республика бойынша 7 саяси партияның партиялық тізімдеріндегі мүгедектердің, әйелдер мен жастардың үлесі орта есеппен 34,9 пайызды құрады. Бір қызығы, бұл бағытта парламенттік емес партия – «Ауыл» (41%) және еліміздің партиялық алаңының абсолютті жаңалықтары – «Байтақ» (38,9%) және «Республика» (34,8%) көшбасшылар болса, ЖСДП (31,6%) құрайды дейді, - сарапшы.  

Парламентке әйелдерге, мүгедектерге және жастарға арналған квота енгізу бастамасының стратегиялық маңызы зор. 

Осы санаттағы азаматтардың кем дегенде 30 % партиялық тізімге енгізу және партиядан түсетін мандаттарды түпкілікті бөлу туралы талапты қалағаныңызша талқылауыңызға болады. Бұл азаматтық қоғамды дамыту үшін өте маңызды. Болашақта мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау және инклюзия бойынша депутаттық топ болса жақсы болар еді, дейді Мирас Жиенбаев.

Өзгелердің жаңалығы