Сараңдық па, немқұрайлылық па? – Тоқаев қайырымдылық акциясына қатыспай отырған бизнесмендер туралы

28 Қаңтар 2022, 16:14
2133
Бөлісу:
Сараңдық па, немқұрайлылық па? – Тоқаев қайырымдылық акциясына қатыспай отырған бизнесмендер туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезінде «Қазақстан халқына» қоры туралы сөз қозғады.

Қорға қаржылай жарна қосқан кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін. Осылайша сіз еліміздің қайырымдылық көмекке мұқтаж азаматтарына қатысты азаматтық жауапкершілік танытасыз, - деп атап өтті ол.

Одан бөлек, Тоқаев қайырымдылықпен айналысуға асықпай отырған бизнесмендер туралы ойын айтты.

Сонымен қатар олигополияның бір бөлігі, тіпті оның бейнесі болып есептелетін кейбір танымал бизнесмендер Мемлекет басшысының бастамасымен өткізілетін қайырымдылық акциясына қатысуға асықпайды. Бұл сараңдық па, нигилизм бе, жалқаулық па, әлде немқұрайлылық па? – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев қайырымдыққа қатысты арнайы Жарлық шығаратынына тоқталды.

Қалай болғанда да, бұл сұраққа толық жауап алу үшін мемлекеттің толық өкілеттігі бар. Мен өз тарапымнан ірі бизнес өкілдерінің қайырымдылық жасау процесін реттейтін арнайы Жарлық шығаруды жоспарлап отырмын, - деп айтты Президент съезде.

Өзгелердің жаңалығы