"Жағдай жақсарды" екен деп сақтық ережелерін бұзуға болмайды - Қожахметов

17 Тамыз 2020, 16:22
1765
Бөлісу:
"Жағдай жақсарды" екен деп сақтық ережелерін бұзуға болмайды - Қожахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.

Коронавирустық инфекцияға ұқсас, бірақ ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен жағдайлар бойынша қазіргі сәтте 18 606 адам тіркелді. 218 адам қайтыс болды. Соңғы тәулікте 141 адамның ауырғаны анықталды. Вирустың таралуы күннен күнге төмендеп келеді. Сәйкесінше, медициналық мекемелердің жүктемесі азайып жатыр. Салыстырмалы түрде айтар болсақ,  2020 жылдың 15 шілдесіндегі жағдай бойынша, елімізде провизорлық емдеу орындары мен стационарларда 57 798 төсек-орын болды. Ол кездегі жүктеме 57%-ды құраған. Қазір ауруханаларда жатын орындардың саны 37 000, жүктеме 29%-ға дейін азайды. Кейбір өңірде науқастар түгел жазылып шығып, ауруханалар бос тұр. Мысалы, Түркістан обблысының Ордабасы ауданындағы инфекциялық бөлім қазір бос, - деді ол.

Ресми өкіл жедел жәрдемге түсетін хабарламалар көлемі аймақтарда айтарлықтай азайғанын жеткізді. 

Өткен аптада Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният халық ең көп шоғырланған Шымкент қаласына жұмыс сапарымен барды. Онда бес аптаның ішінде ауруханалардағы емделуге арналған жатын орындардың жүктемесі 60 пайызға дейін төмендеген. Мұндай жағымды нәтижелер еліміздің барлық өңірінде байқалады. Бірақ, жағдай жақсарды екен деп сақтық ережелерін бұзуға болмайды, - деді Қожахметов.

Өзгелердің жаңалығы