Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті You Tube желісінде өз арнасын ашты

27 Желтоқсан 2020, 12:48
1171
Бөлісу:
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті You Tube желісінде өз арнасын ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті You Tube желісінде өз арнасын ашты.


Егер еліміздің денсаулық сақтау, әл-ауқаты мен дамуы туралы маңызды мәселелер талқыланған жаңалықтар, брифинг немесе тікелей эфирлерді  жіберіп алған болсаңыз – қапы қалмаңыз. Біз өз арнамызда денсаулығыңызды қалай қорғауға, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен стандарттарын бағдарлауға, бизнесіңізді дамытуға септігін тигізетін және  тіршілікті қамтамасыз етудің ең маңызды мәселелерінде кімдердің көмектесе алатыны туралы ең маңызды бейнесюжеттер мен сұхбаттарды жариялаймыз. Мұның бәрі тек біздің арнамызда, - делінген ақпаратта.

Санитариялық- пидемиологиялық бақылау мамандарының кеңестері мен пікірлері, фармацевтика, тауарлар мен қызметтерді стандарттау және сертификаттау саласындағы мамандардың ұсыныстары, ғылым жаңалықтары, еліміздегі және әлемдегі медицина жаңалықтары және тағы басқада маңызды тақырыптар осы каналда жарияланады.


Өзгелердің жаңалығы