Санақта кірісті нақты көрсету керек – Шибұтов

7 Қыркүйек 2021, 18:50
2115
Бөлісу:
Санақта кірісті нақты көрсету керек – Шибұтов

Алматы, BAQ.KZ. 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының үшінші кезекті Ұлттық халық санағы басталды. Санақтан алғаш рет оны онлайн режимде өтуге болады. 

ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сенім жөніндегі Ұлттық кеңестің мүшесі, Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Шибұтовтың айтуынша, халық санағы елдің әрбір тұрғынының әлеуметтік даму жағдайын көрсететін бірқатар аспектіні қамтиды. 

Сарапшы мегаполис тұрғындары үшін сауалнамадан өту маңызды, өйткені, халықтың ең көп өсімі Алматыда екенін атап өтті. 

Санақтың мақсаты – демографиялық, экономикалық және әлеуметтік процестер туралы нақтылы ақпарат алу. Ол мемлекеттік басқару үдерісін жақсарту үшін жүргізілуде, себебі біздің инфрақұрылым мектеп, тұрғын үй, медицина тұрғысынан халықтың санына байланысты. Айталық, тіркелген адам санына қарай берілген микроучаскедегі мектептердің саны есептеледі. Егер біз санаққа қатыспайтын болсақ, онда мәліметтер сәйкес келмейді, содан кейін бізде мектеп жетіспейді, біз мектепке бара алмай отырмыз немесе біздің сыныпта 45 бала оқиды дейді. Санақ Алматы қаласы тұрғындарының нақты санын көрсететінін түсіну қажет, - дейді Шибұтов.

Сарапшы мегаполисте 2 млн адам бар екенін атап өтті, бірақ іс жүзінде медициналық құжаттар мен Полиция департаментінің мәліметтері бойынша тұрғындар саны әлдеқайда көп. М. Шибұтов деректердің сәйкес келмеуі көлік жүктемесіне алып келеді деп есептейді.

М. Шибұтов 30 жыл ішінде елімізде ұлттық санақ 1999 және 2009 жылдары жүргізілгенін атап өтті. Бұл – үшінші санақ. 

Кез келген санақ әр 10 жыл сайын жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар көпшілігі бұл не үшін қажет деп ойлайды, себебі ЖСН, бухгалтерлік мәліметтер базасы бар. Тек жаңалықтарға қарап, біздің елде қанша адам құжатсыз өмір сүретінін білуге болады, не КСРО үлгісіндегі төлқұжатпен, не ешқандай жолмен рәсімделмеген. Әлі де тіркелмеген балалар бар, - деп жалғастырды сарапшы. 

Қала белсендісі бүгін, 15 қазанды қоса алғанда, Қазақстанның әрбір тұрғыны www.sanag-gov.kz сайтына кіріп, 69-ға жуық міндетті және 22 қосымша сұрақтан тұратын сауалнаманы толтыра алатынын айтты.

Үйден үйге толық сауалнама жүргізудің дәстүрлі форматы биыл 1 қазаннан 30 қазанға дейін электронды планшеттер арқылы сұхбат беру арқылы өтеді. 

Мен өзім онлайн санақтан өтуді жоспарлап отырмын. Менің білуімше, 300 мыңға жуық қазақстандық бұл мүмкіндікті пайдаланып үлгерді. Бұл формат сұранысқа ие болады деп ойлаймын, өйткені біздің халықтың көп бөлігі компьютерлендірілген, - деді М. Шибұтов. 

Сарапшы сауалнамаларда неліктен кәріз, қоқыс желісі, жылыту туралы сұралатынын түсіндірді. 

Бұл - өте маңызды сұрақтар, себебі олар осы игіліктермен нақты қамтамасыз етілуін көрсетеді. Адамдар кейде шенеуніктер бізде бірдеңе жетіспейтінін, инфрақұрылымға қолжетімділікті және т.б. жағдайларды білмейді деп айтып жатады. Ал олардан не жетіспейтінін егжей-тегжейлі сұрағанда, олар бұл сұрақтарға наразылық танытады. Бұл дұрыс емес қой. Осындай сұрақтардың көмегімен ғана неге қажеттілік бар екенін түсінуге болады, - дейді ол.

Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі қала тұрғындарын кірістері туралы сұрақтарға шын жауап беруден қорықпауға шақырды. 

Адамдар кейде мұндай орташа жалақы қайдан шыққан, бізден бұдан аз деп ызаланады. Сондықтан кірісті нақты жазу керек. Сонда жұмыссыздар немесе уақытша жұмыспен қамтылғандар анықталады, бюджеттік саясатты да, қаржылық саясатты да өзгертуге болады. Мысалы, жалақыға салынатын салықты өзгерту. Мұның бәрі адамдардың қаншалықты адал болғанына байланысты. Санақ осы объективті деректерді көрсетуі тиіс, - деді сарапшы.

Сөзінің соңында Шибұтов халықты санақ науқанына сақтықпен қарамауға шақырды. 

Егер сіз мемлекеттің сұрақтарынан қорқатын болсаңыз, онда ештеңе талап етпеңіз, әлеуметтік жәрдемақыны, мектептерді сұрамаңыз. Егер қорқатын болсаңыз, мемлекетпен байланыспаңыз. Біз Алматыда қанша адам тұратынын нақты білетін болсақ, онда бірқатар әлеуметтік мәселені, соның ішінде көші-қонға байланысты мәселелерді дұрыс шешуге болады, - деді М. Шибұтов.

Өзгелердің жаңалығы