Санақ мәселесінде қателік жіберуге болмайды – Талас Омарбеков

18 Қаңтар 2019, 14:29
2932
Бөлісу:
Санақ  мәселесінде  қателік  жіберуге  болмайды – Талас  Омарбеков

Алматы, BAQ.KZ, тілшісі. Халық санағында қателік жіберуге болмайды, ол ресми мәлімет. Қате болса ол ертеңгі зерттеулерне кедергісін келтіреді. Бұл жайында тарихшы Талас Омарбеков “Қазақ газеттері” ЖШС жанынан құрылған «Наркескен» - интеллектуалдық-пікірсайыс клубының кезекті отырысында айтты. Клубтың бүгінгі отырысы «Ұлттық санақтың саяси, тарихи-әлеуметтік маңызы» тақырыбына арналды.

Тарихшының айтуынша, санақ мәселесі - бұл ресми мәлімет. Шетелдің демографтары, тарихшылары осы санақтың материалына сүйенеді.

“Шетелдік тарихшылар 19-ғасырдағы Қазақстанда болған ашаршылықты зерттеу мәселесінде 1,5  млн адам  өлді деген санға жабысып алған.  Олар 1926 жылғы және 1937 жылғы халық санағын алға тартады. 1926 жылғы санақта қазақтың саны 3 млн 968 мың деп көрсетілген.  1937 жылғы санақта 2 млн 862458 делінген.  Содан осы екі аралықтағы кему 1 млн 105  мың дейді.  Осы санға Батыстағылар жабысып алған.  Бұл санақтың мәліметтері ресми болғандықтан үнемі алдымыздан шығып отырады.  Тарихымызды шынайы жазуға бұл ресми материалдар кедергі келтіруде, яғни аштан қырылған қазақтадың саны көп болғанын шетелдік тарихшылар теріске шығаруда. Негізі 20-ғасырдың басында қазақ Орта Азиядағы ең көп ұлт болған. Саны 8 млн кей деректерде 6 млн  асқан деп көрсетілген”,-дейді тарихшы.

Отырыстың модераторы Есенгүл Кәпқызы жиын барысында биыл Қазақстан халқының санағы өтетінін және оған Республикалық бюддеттен 8,5 млрд теңге бөлінгелі отырғанын айта  келе биылғы санақтың ерекшеліктеріне тоқталып өтті.

“Біздің білуімізше биылғы санақ тек планшетпен, яғни электронды түрде өткізілмек,  жазбаша бланкілер болмайды екен. Сондай-ақ,  анкета мен бланкі Ұлттық статистика агенттігінің сайтында болады және әр адам өзі толтырады екен. Санақшылар сол толтырылған мәліметтің рас, өтірігін анықтау үшін үйге барады екен”,-деді Е. Кәпқызы.

Жиынға саясаттанушылар, тарихшылар және демограф мамандар қатысты.
Әділет Мусахаев
Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы