«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына жаңа басшы келді

4 Наурыз 2022, 15:13
2742
Бөлісу:
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорына жаңа басшы келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры қызметіне Альфия Адиева тағайындалды. 

Альфия Адиева – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша аяқтаған. «Педагогика және психология» ғылымдарының магистрі.

Жалпы жұмыс өтілі шамамен 22 жыл, оның ішінде 10 жылға жуық журналистикада және түрлі бұқаралық ақпарат құралдарының басшысы ретінде, сондай-ақ азаматтық секторды дамыту саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар.

Альфия Адиева –  Қазақстан журналистер одағының мүшесі, «4 билік» Атырау Журналистер одағы Қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы және төрайымы. Қоғамда тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қоғамдық бақылау мәселелерімен белсенді айналысқан. 2019 жылдан бері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеттілігін арттыру бағытында құрылған «Атырау-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінде жетекшілік қызмет атқарған, 2020 жылы Атырау облысы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған. Атырау қалалық маслихатының депутаты. 

2020 жылы Альфия Даулетқалиқызы басқаратын  «4 билік» Атырау журналистер одағы» қоғамдық бірлестігі «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу» бағыты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақының жеңімпазы атанған.

2020 жылы –  республикалық «Адал тұлға» номинациясының иегері. 

2021 жылы – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (іс-қимыл) агенттігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған. 

2022 жылы – ҚР Тәуелсіздігіне 30 жылдық мерекелік медалімен марапатталған. 

2022 жыл – Атырау қаласының «Үздік депутат» номинациясының иегері. 

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры лауазымына конкурс 2022 жылғы 25 қаңтарда жарияланған болатын. Бос жұмыс орны туралы ақпарат қордың сайтында және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Samruk Qyzmet бірыңғай бос жұмыс орындары порталында (qsamruk.kz) жарияланды. Байқауға барлығы 89 үміткер қатысты.

Өзгелердің жаңалығы