Самоада қызылшадан 80-ге жуық адам қайтыс болды

22 Желтоқсан 2019, 12:40
2451
Бөлісу:
Самоада қызылшадан 80-ге жуық адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полинезиядағы Самоа аралдық мемлекетінің үкіметі 79 адамның қызылша індетінен қаза тапқанын растады.

Океанидағы Самоада қызылшаның кең тарауы салдарынан 80-ге жуық адам қаза тапты, - деп жазылғын ел үкіметінің Twitter-інде.

Қазір Самоада 5,5 мың адам қызылша жұқтырған және 79 адам қайтыс болғаны тіркелді. Бұған дейін 70 адам қаза тапты және 4,6 мың адам жұқтырды деп хабарланған болатын.

Соңғы 24 сағатта қызылша жұқтырған 26 жағдай тіркелді, - делінген хабарламада.

Ел тұрғындарының 94%-на шұғыл түрде екпе салынды.


Өзгелердің жаңалығы